
Аудандық мәслихат төрағасы ауыл жастарымен кездесті.
26 шілде күні Ақтау ауылдық округінің мәдениет үйінде «AMANAT» партиясының мүшесі, мәслихат төрағасы Жанар Нұрболатқызы Бисенғалиева ауыл жастарымен кездесу өткізді.
Мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева Президентінің Жаңа Қазақстан стратегиясын іске асыру мақсатында қоғамдық-экономиқалық қатынастарды қайта құру жолында бірқатар іс-шаралардың жүзеге асырылуы қажеттігі туралы реформаладарлың басты бағыттарын атап өтті. Және негізгі бағыттарының бірі ауылдық аумақтарды дамыту, ауылда тұратын азаматтардың табысын көбейту, тұрмыс сапасын жақсарту және ауылдың коркейю болашағын көріп тұрған жастардың үлестерін қосу болып табылады.
Мәслихат төрағасы жастар арасындағы өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады.
Жастар өз белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлерін білдірді.
Ақтау ауылының дамуында жастардың үлесі, жауапкершілігі мен белсенділігінің аса маңыздылығын алға тартты.
Мәслихат депутаты олардың болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне, қасиеттерін дұрыс жаққа бағыттап, дұрыс таңдау жасауға, бойындағы шығармашылық қабілеттерін арттыруға, бос уақытында пайдалы іспен шұғылдануға шақырып, пайдалы кеңестер беріп, жастарды қызықтыратын түрлі тақырыптармен қызықтырып, барлық оң бастамаларды қолдауға дайын екендігін жеткізді.
Өз кезегінде жастар серуендейтін, жиналатын жазғы сахна сиякты алаңдар жасап және спорттық шараға арналған волейбол алаңына арналған резеңке жабының төсеуін сұрады.