Ауданымызда дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысы басталды

Ауданымызда дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысы басталды

2020 жылы Карачаганак Петролиум ОперейтинГ б.в. компаниясының спонсорлық қаражаты есебінен ауданымызда дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Қарқынды жұмыстар өкінішке орай 2021 жылғы ақпан айында тоқтап қалды.
Аудан депутаттары аудандық Қоғамдық кеңеспен бірлесе отырып, облыстық құрылыс басқармасына сұрақ-сауал жолдап, салып жатырған компаниясы құрылыс матеиалдары қымбаттауына байланысты және оларға алуға қаражат жетіспеуіне байланысты жұмыстарды тоқтатқанын, жақын арада ДСК салу жалғасатынын айтып түсіндірді.
Тұрып қалған құрылыс бағыты өзгеріссіз болған соң депутаттар бірнеше мәрте құрылыс басқармасына, облыс басшылығына және КПО компаниясының басшылығына депутаттық сауалдар жолдап, ДСК құрылысының аудан жасөспірімдері, балалар үшін маңыздылығын ескере отырып, толық салып беруді сұрады.
Міне, бүгінгі күні КПО компаниясы қайта қолға алып, келесі 2024 жылы толық аяқтап беретінін жеткізіп отыр.
Қазіргі уақытта құрылыс материалдары жеткізілуде. Ағымдағы жылы 2ші қабатты салуды аяқтап, терезелер қондыру жоспарлануда.