
Сессия отырысы өтті
А.ж. 14 шілде күні Ж.Бисенғалиеваның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті тыс VІ –сессиясының отырысы болып өтті. Отырыс «Фейсбук» тікелей арнасы арқылы жүргізілді.
Сессия отырысына мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері және мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде мәселе бойынша депутаттар аудандағы дала өртіне қарсы дайындық жұмыстары және өрттің алдын-алу бойынша атқарылған шаралар туралы есебін қарап бекітті.
Аудандық экономика және қаржы бөлімнің басшысы Л.Тастембекова аудан бюджетінің жобасымен таныстырып, 2023 жылға арналған бюджетінің ішкі жылжытулары бойынша ақпаратын ұсынды.
Келесі мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің 2022 жылы жер бөлу, пайдаланылмаған жерлерді қайтару жұмыстары туралы есебі тыңдалды.
Аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының м.а. А.Аубекеров Тасқала ауданы бойынша пайдаланылмай жатырған ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттік меншігіне қайтару жұмыстары бойынша, ауданның арнайы жер қорына енгізілген жер учаскелерінің санын жеткізді.
Сондай-ақ, депутаттар күн тәртібіндегі өзге де мәселелерді бұған дейін тұрақты комиссия бірлескен отырысында қарап талқыланғандықтан бір ауыздан бекітті.
Қорытындылай келе, аудан әкімі Б.Айтмағамбетов өрт қауіпсіздігі мақсатында, біріншіден өрттің алдын алу жұмыстарымен айналысу керектігін және өрт сөндіруге қажетті құрал-жабықтармен толық қамтамасыз етуге аудандық бюджеттен мүмкіндігінше қаражат қарастырылатынын айтты. Сонымен қатар, жер аманаты бағдарламасының жүргізіліп бастаған мониторинг барысында жер иесінің ауыл шаурашылық жерлерін қалай иегеріліп жатқандығын бақылап, тиісті шаралар қолданылып жатырғанын атап өтті.