Тұрақты комиссия отырысы өтті

Тұрақты комиссия отырысы өтті

Тұрақты комиссия отырысы өтті

 

          Бүгін 14 шілде күні аудандық мәслихат депутаты Л.Жұбанышқалиеваның төрайымдылығымен  мәслихаттың бюджет, экономика, инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі және білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдениет, және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

          Бірлескен отырыста сессияның күн тәртібіне сай депутаттар бір қатар мәселелерді мақұлдап, сессия қарауына жіберілсін деген ұсыныстарын қабылдады.

          Аудандық №15 өрт сөндіру бекетінің басшысы азаматтық корғау капитаны Б.Конатаров аудандағы дала өртіне қарсы дайындық жұмыстары және өрттің алдын-алу бойынша атқарылған шаралар туралы есебін баяндады.

Жалпы 2023 жылдың өрт қауіптілігі маусымы туралы баяндап, жалпы жеке құрамның әскери дайындығын, өрттерді жедел сөндіру және табиғи апаттарды жою барысында жасалған жұмыстарымен таңыстырды. Қазіргі таңда ауданда 7 өрт оқиғасы тіркелді.

Мәслихат депутаттарының алдында өрт сөндіру бөлімімен тыңдалған есептерін салыстырып, 2022 жылғы және қазіргі уақыттағы, материалдық-техникалық база қаншалықты жаңартылғаның, кейбір ауылдық округтердегі ақаулы өрт техникасы бойынша сұрақтарына жауаптар алынып, талқыланды.

Бірінші мәселе бойынша туындаған кейбір сұрақтарға тұрақты комиссияға қатысқан аудан әкімінің орынбасары А.Халауедин өзі түсінік беріп өтті.

          Бірінші мәселеге қосымша аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының м.а. Т.Бекмуханов баяндамасын толықтырды.

          Сонымен қатар, 2-мәселе бойынша «Төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасын ұсынып, баяндады.

          БҚО Тасқала аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №34-1 шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастембекованың баяндамасы тыңдалды.

            Депутаттар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдері негізінде маңызды мәселелерді шешуге бағытталған салаларға қатысты бөлінген қаражатты уақытылы игерілуін талқылады.

            Отырыста аудандық жер қатынастар бөлімі басшысының м.а. А.Аубекеров аудандық жер қатынастары бөлімінің 2022 жылы жер бөлу, пайдаланылмаған жерлерді қайтару жұмыстары туралы есебін, сонымен қатар Тасқала аудандық жер комиссиясының құрамдарын бекіту туралы шешім жобаларын ұсынды.

          Соңғы мәселелер бойынша аудан әкімі аппаратының  персоналды басқарудың бірынғай қызметі және әкімшілік жұмыстары бөлімінің бас инспекторы–заңгер Ж.Жайсан «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы»; «Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша аудандық ведомствоаралық комиссия құру туралы»; Тасқала ауданы әкімдігінің дербес құрамының өзгеруіне келісім беру туралы; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы шешім жобаларымен таңыстырды.

          Бірлескен отырыс ұсынылып отырған шешім жобаларын, депутаттардың айтқан ұсыныстарды еске алып, сессияда бекітуге ұсынылды.