Сессия отырысы өтті

Сессия отырысы өтті

Сессия отырысы өтті.

 

          А.ж. 4 мамыр күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысынан кейін, аудандық мәслихатының үлкен мәжіліс залында кезекті ІV –сессия отырысы болып өтті. Отырыс «Фейсбук» парақшасында тікелей эфирде жүргізілді. Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева жүргізді.

          Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімнің басшысы Л.Тастембекова 2022 жылғы Тасқала аудандық бюджетінің орындалуын бойынша баяндады.

Сондай-ақ, депутаттар 2022 жылғы ауылдық округтердің бюджеттерінің орындалуы бойынша 9 ауылдық округ әкімдерінің есептерін бұған дейін тұрақты комиссия бірлескен отырысында қарап талқыланғандықтан бір ауыздан бекітті.

Сондай-ақ, депутаттар  күн тәртібіндегі білім беру бөлім бойынша 2021-2022 жылдарда атқарылған жұмыстар туралы есебі, ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы, аудандық мәслихатының Регламентін және Ережесіне өзгерістер енгізу туралы, сонымен қатар  аудан бойынша сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан бір ауыздан қолдау тапты.

Сессия соңында сөз алған аудан әкімінің м.а. Т.Шакиров депутаттардың көтерген мәселелерге қолдау көрсеткендері үшін алғысын бірдірді.