
Тұрақты комиссия отырысы өтті
А.ж. 4 мамыр күні аудандық мәслихат депутаты С.Аманбаевтың төрағалығымен мәслихаттың бюджет, экономика, инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі және білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдениет, және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша 2022 жылғы Тасқала аудандық бюджетінің орындалуы бойынша есебін аудандық экономика және қаржы бөлімнің басшысы Л.Тастембекова баяндады.
Осы 1-ші мәселе бойынша 2022 жылғы ауылдық округтерінің бюджеттерінің орындалуын бойынша 9 ауылдық округтерінің әкімдері баяндады.
Округ әкімдері ауылға бөлінген бюджет қаражаттары бойынша жоспардың орындалуын және қанша пайызға игерілгенің түсіндіріп өтті.
Облыстық тексеру комиссиясының қорытындысымын аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т.Шатенова таныстырды.
Есептерін баяндап болған соң, депутаттар тарапынан туындаған сұрақтарға ауыл әкімдері өз жауаптарын берді.
Бірінші мәселе бойынша туындаған кейбір сұрақтарға тұрақты комиссияға қатысқан аудан әкімінің орынбасары А.Халауедин да өзі түсінік беріп өтті. Атап айтқанда, мердігері «Тоби» ЖШС-гі болып табылатын, Достық ауылына кіреберіс жолының жөңдеу жұмыстарын алдағы бір екі күнде аяқтайтындығы туралы жеткізді. Жалпы жұмыс барысы сапалы жүріп жатырғандығы туралы айтты.
Амангелді ауылдық округінің есебіне қатысты мәслихат төрағасымен туындаған ұжымдық баубақша туралы сұраққа, С.Галиева картоп дәнің отырғызып, бұл жұмыстар жылдағыдай жалғасын табатының айтты.
Тасқала ауылдық округінің есебіне қатысты бірнеше сұрақтар туындады. Мәслихат төрағасы «Елді мекендерді абаттандыру мен көғаландыру» №011 бағдарламасы бойынша жасылдандыру, абаттандыру, ауылдың тазалығына, жақсы күтіп ұстауын назар аударуды сұрады.
Одан соң, аудандық білім бөлімі басшысының м.а. Г.Батырғалиева өз есебінде бөліммен 2021-2022 жылдарда атқарылған жұмыстар туралы баяндап, депутаттарға ұсыныстарын жеткізді. Атап айтсақ, ауданымызда бөбекжайларға баратын мүгедектігі бар тәрбиеленушілердің және атаулы әлеуметтік көмек алатын ата-анасы бар болған жағдайда оларды жергілікті бюджет есебінен тегін тамақпен қамтамасыз ету мүмкіндігін және атаулы әлеуметтік көмек алатын ата-аналардың мектеп жасындағы баларын аудан орталығының ішінде қоғамдық көлікпен тегін тасымалдану жағын қарастыруды сұрады.
Аудандық экономика және қаржы бөлімнің басшысы Л.Тастембекова ауылдық округтерінің бюджетіне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасымен таныстырып, 2023 жылғы 1 нақтылауға арналған округтер бойынша қосымша өтінімдер мәліметін ұсынды.
Соңғы мәселелер бойынша аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т. Шатенова "Тасқала ауданджық мәслихатының Регламентін және ережесіне өзгерістер енгізу туралы шешім жобаларымен таңыстырды.
Бірлескен отырыс соңында комиссиясының төрағасы С.Аманбаев ұсынылып отырған шешім жобаларын, депутаттардың айтқан ұсыныстарды ескере отырып, сессияда бекітуге ұсынды.