Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті.

 

Ағымдағы жылдың 3 мамыр күні Г.Тұрғаналиевтың төрағалығымен Тасқала аудандық Қоғамдық кеңесінің төралқа отырысы өтті.

Төралқа отырысына кеңес мүшелері, аудан әкімінің орынбасары  А.Халауедин,  аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Губашева Айнагүл Тілегенқызы қатысты.

Күн тәртібінде сәйкес аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы А.Губашева Тасқала ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы шешім жобасын баяндап, кеңес мүшелеріне ұсынды.

            Шешім жобасының жоспары суды тұтыну  мөлшеріне сәйкес жасалған жер санаттары,      ауылдың ауылдық округтердің қолжетімділік сызбалары, жайылымдармен қамтамасыз                                    етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы малдарының орналастыру схемасын қамтиды.     

            Бөлімі басшысы А.Губашева өз сөзінде: «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес шаруа қожалықтары мен адам басына сәйкес келетін жайылымдарға арналған жер учаскелерінің қажеттілігін есептеу қажет. Сонымен қатар, аталған жоспарды бекіту тиімділігі және жоғарыдағы келтірілген сұрақтарды  бақылауда ұстау ауылдардағы мал басына шаққандағы жайылымдарға жүктемесіне сәйкес жер учаскесінің жетіспеушілігі анықталуы себебінен алыстағандарға ауданның ыдырауын болдырмау үшін босалқы жерлер құрамынан үлкен көлемді жер учаскелерінің бөлінуіне мүмкіндік береді»- деп айтты.   

               Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, бірауыздан келісім берді.