Мерей ауылдық округі Айнаулақ ауылындағы кездесу

Мерей ауылдық округі Айнаулақ ауылындағы кездесу
Мерей ауылдық округі Айнаулақ ауылындағы кездесу.
 
26 сәуір күні мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева, №9 Мерей сайлау ауылдық округінен сайланған депутат Кучербаев Есенмұрат Өтемісұлымен бірге Мерей ауылдық округі Айнабұлақ ауылында болды.
Мәслихат депутаттары округ әкімі О.Насимуллинмен бірге ауыл тұрғындарының жиынына қатысып, көтеріліп отырған интернет, мал бағымы, жаңа мектеп салу, транформаторларды қоршау, ауыл ішіндегі көпірді жөндеу сияқты мәселелерін тыңдады.
Барлық сұрақтар бойынша қолданыстағы заңнамалар аясында түсіндірме беріліп, кейбір мәселелер жауапты мекемеге депуттаттық сауал жолданып, бақылауға алатының жеткізіді.
Сапар барысында депутаттар Айнабұлақ ауылының ағымдағы жылдың қаңтар айында ғана қолданысқа берілген жап жаңа медициналық пунктінде болып, ауласына жас көшеттердің отырғызылуына ат салысты. Ж.Бисеғалиева депутат ретінде сапар барысында ауыл тұрғындарының мәселелерін тындаумен қатар, осындай сапармен тұспа- тұс келген ағаш отырғызу шарасына қатысып, барлық депутаттарға, аудан азаматтарына мүмкіндігінше ауданымыздың таза болуына, көркейуіне үлес қосуға шақырды.
Округ әкімі О.Насимуллин мәслихат депутаты Есенмұрат Өтемісұлын осы округтің тұрғыны болғандықтан әр сенбіліктен қалмайтынын, ауыл тұрғындармен бірге қатысып, қолдан келгенше көмегін аямайтының жеткізді.