
Мәслихат депутаттары Шежін ауылының тұрғындарымен кездесті
26 сәуір күні Мереке ауылынан басталған мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиеваның және №11 Шежін сайлау ауылдық округінен сайланған депутат Утешев Орынбасар Ханафияұлының жұмыс сапарлары 2-Шежін ауылында жалғасын тапты.
2-Шежін ауылының тұрғындарымен кездесуде аудандық мәс¬лихат депутаты Жанар Нұрболатқызы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының маңыздылығына тоқ¬талды.
«Мемлекет басшысы ашықтық, жариялылық қа¬ғидатын ұстану қажеттігіне ерекше назар аударып, барлық деңгейдегі әкімдер мен депутаттарға халыққа жақын болуды тапсырды. Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асып жатқанының нақты көрінісі» -деп бастады өз сөзінде.
Ол бұрын депутаттарда жеке сайлауалды бағдарлама болса, қазір депутаттық мандат иелері өздері мү¬ше болып табылатын партияның сайлауалды бағ¬дарламасын басшылыққа алып жұмыс істейтіндігін жеткізді. Сондай –ақ аудандық мәслихатының 8 шақырылымының депутаттарын атап өтті.
Депутаттардың сөз сөйлеу аяқталғаннан кейін ұсыныс-пікірге кезек берілді.
2-Шежін ауыл тұрғындарының жүгінген мәселері бойынша мәслихат депутатарымен қолданыстағы заңнамалар аясында түсіндірме берілді.
Қойылған сұрақтар ауыл ішілік жол жөндеу бойынша, интернет, су, жер, мал бағымы туралы бойынша мәселелер болып келеді.
О.Утешев ауыл халқының әлеуметтік жағдайын арттыру үшін
2- Шежін ауылда өзі құрылтайшысы болып табылатын Қордың ашылғаны туралы хабарлады. Қорға шаруа қожалықтары жылына бір рет белгілі бір сомада қаражат салу қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, бұл қорға ауыл тұрғындары да үлес қоса алатының жеткізді. Қорға түскен қаражат көмек ретінде құрылған комиссия шешімімен ауылдағы мұқтаж азаматтарға берілетінің жеткізді.
Қорытындай келе, мәслихат төрағасы 2-Шежін ауылы өзге ауылдарға тазалығы және абаттандыру бойынша үлгі болатынына сенетінін айтып өтті.