Мәслихат депутаты Ақтау ауылында болды

Мәслихат депутаты Ақтау ауылында болды
Мәслихат депутаты Ақтау ауылында болды.
 
Биыл 19 наурыз күні аудандық мәслихаттың VIII-ші шақырылым депутаттары сайланды. 30 наурыз күні осы шақырылымның І-ші өткен сессиясында мәслихат депутаттары аудан активіне таныстырылып, өз қызметтерне кіріскен кеткен болатын.
Халықты қолдау, оның мәселесін шешу үшін қажетті шараларды айқындау және олардың жүзеге асырылуын бақылау— мәслихат депутаттарының басты міндеті болып табылады.
Бүгін 25 сәуір аталған міндеттерін орындау барысында аудандық мәслихатының төрағасы, №1 Ақтау сайлау округінен сайланған мәслихат депутаты Ж.Бисенғалиева Ақтау ауылында болып, тұрғындарды сұрақтарымен қабылдады.
Ауыл тұрғындары кәсіп бастау, мал бағымын ұйымдастыру, тұрғын үй кезегі, материалдық көмек, ауылға коммуналдық төлемдерді төлейтін терминал орнату сияқты, басқада өздерін толғандырған мәселелерді қозғады.
Аталған мәселелерге мәслихат депутаты қолданыстағы заңнамалар аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кәсіпкерлік бағытында да жан-жақты кеңестер берді.
Осы жұмыстар ауданымыздың басқа да округтерінде жағасатын болады.