Сессия отырысы өтті.
Бүгін 13 сәуір күні Тасқала аудандық мәслихатының кіші мәжіліс залында кезектен тыс ІІІ –сессия отырысы болып өтті. Отырыс «Фейсбук» тікелей арнасы арқылы жүргізілді. Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева жүргізді.
Күн тәртібіндегі 1 мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімнің басшысы Л.Тастембекова аудан бюджетінің жобасымен таныстырып, 2023 жылға арналған бюджетінің кіріс бөлігін, облыстық бюджеттен берілетін трансфеттер мен қосымша өтінімдер бойынша ақпаратын ұсынды.
Келесі мәселе бойынша, депутаттар «Тасқала ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы мәселесін қарап бекітті.
Одан соң аудандық жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімінің бас маманы Э.Аменова Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №56-10 «Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне енгізілген өзгерістермен таныстырды.
Сондай-ақ, депутаттар күн тәртібіндегі өзге де мәселелерді бұған дейін тұрақты комиссия бірлескен отырысында қарап талқыланғандықтан бір ауыздан бекітті.
Қорытындылай келе, мәслихат депутатынан Амангелді ауылдық округінде өзіне жүгінген ауыл азаматтарының жер мәселесі айтып өтті. Аудан әкімінің орынбасары әрбір ауылдық округтерде орын алатын мәселелерді анықтау мақсатында бөлім басшыларының, өз сайлау округі бойынша депутаттардың қатысуымен халыққа түсіндіру жұмыстарымен шығуды ұйымдастыруды ұсынды.