Тұрақты комиссия отырысы өтті

Тұрақты комиссия отырысы өтті

Тұрақты комиссия отырысы өтті

 

          Бүгін 13 сәуір күні аудандық мәслихат депутаты Л.Жұбанышқалиеваның төрайымдылығымен  мәслихаттың бюджет, экономика, инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі және білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдениет, және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

          Бірлескен отырыста сессияның күн тәртібіне сай депутаттар бір қатар мәселелерді мақұлдап, сессия қарауына жіберілсін деген ұсыныстарын қабылдады.

Күн тәртібі қаралған өзекті мәселелердің ішінде «Тасқала аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №34-1 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» мәселесі қаралды.

Аудандық экономика және қаржы бөлімнің басшысы Л.Тастембекова аудан бюджетінің жобасымен таныстырып, 2023 жылға арналған бюджетінің кіріс бөлігін,  облыстық бюджеттен берілетін трансфеттер мен қосымша өтінімдер бойынша сандарын ұсынды.

Бюджеттік өтінімдер бойынша туындаған кейбір сұрақтарға тұрақты комиссияға қатысқан аудан әкімінің орынбасары А.Халауедин да өзі түсінік беріп өтті. Атап айтқанда ауданнан 3 шақырымда орналасқан орында балаларға арналған ат спорты үшін жылқыны ұстау үшін 8 айға бөлінген қаржы бойынша.

          Одан соң, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы С.Шукуровтың «Тасқала ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» баяндамасы тыңдалды.

          Келесі мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімінің бас маманы Э.Аменова Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №56-10 «Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне енгізілген өзгерістермен таңыстырды.

          Енгізілген өзгерістердің бірі бойынша қағиданың 7-тармағының 6 тармақшасы алынып тасталып, қазіргі мәтінде "санаторий-курорттық емделуге жол жүру шығыстарын төлеу мүгедектігі бар адамның қаражаты есебінен жүзеге асырылады" дегенмен келіспей, депутаттар тарапынан құзыретті органнан түсініктеме алу туралы ұсыныс білдірілді.

          Соңғы мәселелер бойынша аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т. Шатенова "Тасқала аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Тасқала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 сәуірдегі №22-7 шешімінің жобасына, сондай-ақ 2023 жылғы 8 шақырылым депутаттарымен аудандық мәслихат сессияларында қаралатын негізгі мәселелер туралы шешім жобасы таныстырылып, депутаттардың ұсынысмен жұмыс жоспарына аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің есебін тыңдауды қосылды.

          Бірлескен отырыс соңында комиссиясының төрайымы Л.Жұбанышқалиева ұсынылып отырған шешім жобаларын, депутаттардың айтқан ұсыныстарды еске алып, сессияда бекітуге ұсынды.