
Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Ағымдағы жылдың 11 сәуір күні Г.Тұрғаналиевтың төрағалығымен Тасқала аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес отырысына кеңес мүшелері, аудан әкімінің орынбасары А.Халауедин, Ақтау ауылдық округінің әкімінің м.а. Б.Кужбанов, Тасқала ауданы әкімдігінің «Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы» МКК-нің маманы Б.Халилаев, аудандық экономика және қаржы бөлімнің басшысы Л.Тастембекова, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т.Шатенова және Тасқала ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі және әкімшілік жұмыстар бөлімінің басшысы Б.Мукашев қатысты.
Күн тәртібінде қаралған өзекті мәселелердің ішінде «Тасқала аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №34-1 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне және «Тасқала аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №35-1 «2023-2025 жылдарға арналған Тасқала ауданының ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешімдеріне өзгеріс енгізу туралы» мәселелері қаралды.
Аудандық экономика және қаржы бөлімнің басшысы Л.Тастембекова аудандық және ауылдық бюджеттерінің жобаларымен таныстырып, 2023 жылға арналған бюджет кіріс бөлігін, салықтық түсімдер мен трансферттер түсімдерінің сандарын ұсынды.
Сонымен қатар, жұмыс жоспарына сәйкес Ақтау ауылдық округінің әкімінің м.а. Б.Кужбанов «Ақтау ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы және оның сапасын арттыру бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы» және «Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы» МКК-нің маманы Б.Халилаев «2022 жылы Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы бойынша атқарылған жұмыстары туралы» есебін баяндап, кеңес мүшелеріне ұсынды.
Келесі мәселе бойынша аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т.Шатенова «Тасқала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 сәуірдегі №22-7 «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасын баяндады.
Сонғы 6-шы, 7-ші мәселелер бойынша Тасқала ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі және әкімшілік жұмыстар бөлімінің басшысы Б.Мукашев «Тасқала аудандық әкімдігінің 2018 жылғы №79 «Тасқала ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы және «Тасқала ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулы жобаларын ұсынды.
Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, бірауыздан келісім берді.
Аудан әкімінің орынбасары А.Халауедин қоғамдық кеңеске жыл сайын атқарған жұмыстарын әрі қарай осылай ауданның дамуына белсенді қатысып, жемісті жұмыс атқаруын тіледі.