Шежін ауыл тұрғындармен кездесу өтті

Шежін ауыл тұрғындармен кездесу өтті

Шежін ауыл тұрғындармен кездесу өтті

 

Үстіміздегі жылдың 1 ақпан күні Тасқала аудандық Саяси Кеңес мүшесі, «AMANAT» партиясының VII шақырылым депутаты Жанар Бисенғалиева Шежін ауылдық округінде болып, «Шежін» бастауыш партия мүшелерінің қатысуымен кездесу өткізді. Кездесуде Ж.Бисенғалиева аудандық мәслихатымен 2021-2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндап өтті.

2021-2022 жылдан бері аудандық мәслихатының сессияларында қаралған мәселелер мен қабылданған шешімдер жөнінде ақпарат берді.

«Өзгерістерге жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасы іске асыру аясында ауылдарды сумен жабдықтау, елді мекендерді көркейту, санитариясын қамтамасыз ету, аббаттандыру мен көгаландыру, көшелерді жарықтандыру қызметтері, кіреберіс жолдарды жөндеуге жолданғаның туралы атқарылған шараларды атап өтті.

Жалпы депутаттардың қызметі туралы, олардың қоғамдық қабылдауларында тұрғындармен  көтерілген мәселелері немесе өзге де шешімі табылмай отырған маңызды мәселелері бойынша депутаттық сауалдар жолданылатындығын жеткізді.

Атап өтсек, сонғы 3-4 жылдан бері Тасқала ауданының Амангелді және Шежін ауылдарындағы  ең өзекті мәселелердің бірі болған ауыз су тарифінің мәселесі болатын. Бұл бойынша тиісті органға депутаттық сауал жолданылып, субсидиялау үшін толық құжаттар жіберілгенін, қазіргі уақытта бұл мәселесі оң шешім тауып, ауыз суға төмен бағада төлем жүргізіледі деп күтілуде. 

Билік пен халықтың арасындағы байланысты жақындата түсінетіне Жанар Бисенғалиева AMANAT» партиясынан VII шақырылым депутаты ретінде зор сенемін жеткізді.