Сессия отырысы өтті.

Сессия отырысы өтті.

Сессия отырысы өтті.

Бүгін 17 қаңтар күні Тасқала аудандық мәслихатының үлкен мәжіліс залында кезектен тыс XXXVI –сессия отырысы болып өтті. Отырыс «Aitubе.kz» тікелей арнасы арқылы онлайн-трансляция жүргізілді. Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева жүргізді.
Күн тәртібіндегі 1,2 мәселелер бойынша жұмыс тобы басшысының орынбасары Шатенова Тогжан Сансызбайқызы Тасқала аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы және Тасқала аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы №32-3 «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобаларымен таңыстырды.
1 мәселе бойынша есептік комиссия сайланып, сайлауды ашық дауыс беруді өткізу жолымен әрбір комиссия құрамына тізім бойынша беру арқылы өткізу бойынша өтті. 11 сайлау округіне 55 үміткер сайланды. Сонымен қатар учаскелік сайлау комиссияларының құрамына 13 адам сайланды.
Келесі мәселе бойынша аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ташимов Әлібек Қазиханұлы «Тасқала ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешім жобасын ұсынды.
Тұрақты комиссия отырысында талқыланғасын, мәслихат депутаттары бекітуді қолдады.