
Тұрақты комиссия отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні Тасқала аудандық мәслихатының кезектен тыс 36-сессиясының бірлескен тұрақты комиссиясы өтті. Отырыс Аitube.kz тікелей арнасы арқылы көрсетілді.
Отырыста аудандық электр желілері компаниясының басшысы Б.Юсуповтың 2022 жылдың 23 мамырдағы өткен тұрақты комиссия отырысындағы ауданның елді мекендеріндегі электр тораптарының кемшіліктерін жою бойныша депутат ұсынысының орындалу нәтижесі туралы есебі талқыланды.
Б.Юсуповтың баяндамасында жалпы аудандық электр торабының жағдайы 90 пайызға бәрі ескеріп тұрғаны айтылды. Бірақ ауқымды жұмыстар атқарылып жатырғандығын, 2022 жылы аудан әкімінің тапсырмасымен ауылдарды аралап, қолдан келетін істерді жасап, қазіргі таңда бір қалыпта тұрғаның атап өтті.
Айтып өтсек, жалпы Тасқала ауданның ішінде, Бірлік аулына 34 темірбетонды бағана қойылды. Достық ауылдық округіне 168 бағана ішкі ауылынан Бастау ауылына дейін. Ынтымақ, Оян, Кенжайлау, Ақтау, Амангелді ауылдарына ағымдағы жөндеу жұмыстар жасалды.
Күрделі мәселе болғасын, аудан әкімі Батыс Қазақстан облысы электр желісінің серіктестігінің басшысына жолығып, аудандағы жоспарларын көрсетіп, алдаға уақытта жергілікті атқарушы органның көмегімен үлкен жобалар әзірленуде екендігін атап өтті. Сонымен қатар, аудан әкімі аудандық электр торабының басшысына реконстукцияға жататын 2-3 ауылдарына жоба дайындауға, профилактикалық жұмыстарын жалғасуын, тоқтатып қалдырмауын айтып өтті.
Осы мәселеге қатысты, мәслихат депутаты Л.Жұбанышқалиева баяндамашыға қауіпсіздік мақсатында транформаторларды қоршауға назар аударып, жұмыстарын жүргізуге айтты.
Келесі мәселе бойынша аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әлібек Ташимов «Тасқала ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешім жобасын ұсынды.
Жоба бойынша 1 тұрғыннан айына жайлы және жайлы емес үйлерге 273,03 теңге тарифі бекітуге ұсынылды.