
Сессия отырысы өтті.
Бүгін 23 желтоқан күні Тасқала аудандық мәслихатының үлкен мәжіліс залында кезекті XXXІV –сессия отырысы болып өтті. Отырыс «Фейсбук» парақшасында тікелей эфирде жүргізілді. Сессия жұмысын аудандық мәслихат хатшысы Ж.Бисенғалиева ашты.
Күн тәртібіндегі 1-2 мәселелер бойынша 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы және 2023 жылы Тасқала ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұруға келген мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім жобалары қаралды.
Жалпы, алдын ала өткен тұрақты қомиссияда депутаттар аудан бюджеттінің жобасын егжей-тегжейлі қарап, талқылап,шешімді бір ауыздан бекітті.
Келесі, аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Н. Мусеновтың және білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдениет, және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы А.Бақтыгерееваның аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялырың есептері бойынша баяндамалары тындалды.
Жалпы бюджет нәтижелерін, соның ішінде «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы:Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын іске асыру барысындағы бөлінген қаражат шығыстарының қорытындысының айтты. Негізгі жобалардың ішіндегі, атап айтқанда Атамекен жолы, Пушкин көшесінде тұрғын үй құрылысына бақылайтың комиссия құрылып, аталған құраммен тексеру жұмыстарын жүргізіп, толық атқарылғаны туралы айтты.
Сонымен қатар мәслихат сессияларында тындалған есептер бойынша мекемелердін ұсыныстары бақылауға алынып, атап айтқанда ішкі істер бөлімінің бысшысының баяндамасында атқарылған жұмыстар көрсетіліп, техника, планшет пен рациялар, камералар және округтерінде орналасқан жергілікті полиция учаскелерінде жихаз жетіспеушілігі, өрт сөндіру бөліміне авариялық-құтқару құралдары қажеттілігі бойынша. Барлық ұсыныстарға аудан әкімінің атына қаражат қарастыру бойынша хат жолданғанын атап өтті. Депутаттар атына түскен бір қатар ауылдық округтің тұрғындарының сұраныстарына, мысалы судын тарифінің қымбатшылығы, жарықтандыру мәселелері т.б. тиісті мекемелерге депутаттық сауалдар жолданды.
Аудандық мәслихат хатшысы жылды қорытындылай келе, мәслихат депуттарына белсенділік танытып, бірлесіп жұмыстарды жүргізіп жүргеніне, сондай-ақ ауданның көркеуіне қосып жатқан үлестеріне өз ризашылығын білдірді.