Тұрақты комиссия отырысы өтті

Тұрақты комиссия отырысы өтті

Тұрақты комиссия отырысы өтті

 

            Бүгін 23 желтоқсан күні аудандық мәслихат депутаты Н.Мусеновтың төрағалығымен  мәслихаттың бюджет, экономика, инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі және білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдениет, және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

            Бірлескен отырыста сессияның күн тәртібіне сай депутаттар бір қатар мәселелерді мақұлдап, сессия қарауына жіберілсін деген ұсыныстарын қабылдады.

            Күн тәртібіне сәйкес 1-ші, 2-ші мәселелер бойынша «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы және «2023 жылы Тасқала ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға немесе салуға көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру туралы» шешім жобалары қаралды.

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастембекова 2023 жылға арналған аудан бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің болжамдарына тоқталып, шешімді қолдауды ұсынды.

Жалпы облыстық бюджеттен  2 миллиардқа жақын қаражат бөлінді. Соның ішінде 2023 жылға ауданымызға маңызды жобалар, атап айтқанда Оян, Ақтау, Бірлік және Достык ауылдарына кіреберіс жолдарын  және Мерей мен Ақтау ауылдарының ішкі көшелеріндегі көлік жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Республикалық бюджеттен бөлінген насаналы трансферттен Мерей ауылындағы мәдени-сауықтыру орталығынының және аудандағы судын жетіспеушілігіне байланысты Бірлік ауылын сумен жабдықтау жүйесінің құрылыстарына қаражат бөлінгені туралы баяндады.

2-ші баяндалған мәселеде 2023 жылы көтерме жәрдемақы сомасы қаржыландыру жоспары бойынша 40 маманға және тұрғын үй сатып алуға 30 маманға бюджеттік несие беру жоспарланып отырғаның айтып өтті.

Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың «2023 жылы аудандық мәслихаттың сессияларында қаралатын негізгі мәселелер туралы» шешім жобасы қаралды.