
Тұрақты комиссия отырысы өтті
Бүгін 13 желтоқсан күні аудандық мәслихат депутаты Н.Мусеновтың төрағалығымен мәслихаттың бюджет, экономика, инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі және білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдениет, және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Бірінші және екінші мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л. Тастембекова аудандық бюджеттің 5 нақтыланғанын және ауылдық округтердің бюджетінің 4 нақтыланғанын өзгерістермен және толықтырумен шешім жобаларымен таныстырды.
Үшінші мәселе бойынша полиция подполковнигі А.Калиев аудандық полиция бөлімінің 2022 жылдың 11 айда атқарған қызметтері туралы есебін баяндап өтті.
Есебінде жалпы аудан көлемінде тіркелеген қылмыстардың саны туралы және қылмысты болдырмау, алдын алуға және ашу бойынша атқарыған жұмыстар туралы атап өтті.
Соңғы мәселе бойынша аудандық ТҮКШ, ЖКжАЖ бөлімінің бас маманы М.Губашевтың «Тасқала ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешім жобасы тыңдалды.
Бірлескен отырыста сессияның күн тәртібіне сай депутаттармен бір қатар мәселелер мақұлданып, сессия қарауына жіберілсін деген ұсыныстары қабылдады.
Депутаттардың баяндамалар бойынша қойылған сұрақтарына нақты жауаптар берілді.