
Сессия отырысы өтті.
Бүгін 13 желтоқсан күні Тасқала аудандық мәслихатының кіші залында кезектен тыс XXXІІІ –сессия отырысы болып өтті. Сессия жұмысын аудандық мәслихат хатшысы Ж.Бисенғалиева жүргізді. Сессия отырысы мәслихаттың Facebook парақшасында тікелей эфирде көрсетілімі жүргізілді.
Күн тәртібіндегі 1 және 2 мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л. Тастембекованың нақтылануға ұсынылып отырған аудандық бюджеттің және ауылдық округтердің бюджеті бойынша шешімдері тұтастай қабылданды.
Келесі мәселе бойынша Ақтау және Шежін ауылдық округ әкімдерінің 2021-2022 жылы атқарған қызметтері туралы есептері тыңдалды.
Ауылдық округ әкімдері жалпы атқарылған жұмыстары туралы бейнеролик депутаттар назарына ұсына отырып, ауыл аумағында әлеуметтік-экономикалық нәтижелер туралы, атқарылуына бағытталған бағдарламалардын орындалуы, аудандық бюджеттен тиімді пайдаланылатын қаражатты туралы жеткізді.
Төртінші мәселе бойынша, полиция подполковнигі А.Калиев аудандық полиция бөлімінің 2022 жылдың 11 айда атқарған қызметтері туралы есебін ұсынды.
Есебінде жалпы аудан көлемінде қылмыс тіркелеген саны және қылмыстың болдырмауына, алдын алуға және ашу бойынша жұмыстар атқарығаны туралы баяндады.
Сонымен қатар, депутаттардың сұрауы бойынша қылмыстың ең көп таралған түрі – мал ұрлығы бойынша қылмыстың ашылу пайызы айтылды.
Есебінде жалпы аудан көлемінде тіркелеген қылмыстардың саны туралы және қылмысты болдырмау, алдын алуға және ашу бойынша атқарыған жұмыстар туралы атап өтті.
Соңғы мәселе бойынша аудандық ТҮКШ, ЖКжАЖ бөлімінің бас маманы М.Губашевтың «Тасқала ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешім жобасы тыңдалды.