Состоялось заседание Постоянной комиссии

Состоялось заседание Постоянной комиссии

Тұрақты комиссия отырысы өтті

а.ж 11 қыркүйек күні аудандық мәслихат депутаты Е.Көшербаевтың төрағалығымен мәслихаттың бюджет, экономика, инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі және білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдениет, және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXХVII-ші сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды.

1-ші мәселе бойынша, Аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының м.а Бисалиева Эльвира Максимқызы Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 
 «2025-2027 жылдарға арналған Тасқала ауданының бюджеті туралы»
 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №29-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы » шешім жобасы бойынша баяндама ұсынды.

2-3 ші мәселелер бойынша, аудандық әкім аппаратының басшысы Ибраева Асель Аруовна « Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 тамыздағы №33-4 «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және Тасқала ауданы әкімдігінің дербес құрамының өзгеруіне келісім беру туралы мәліметтер ұсынылып, өзекті мәселелер бойынша аудандық депуттатар тарапынан шешілу жолдары бойынша сұрақтар талқыданды.

Бірлескен отырыс соңында комиссиясының төрағасы Е.Көшербаев ұсынылып отырған шешім жобаларын, депутаттардың айтқан ұсыныстарды ескере отырып, сессияда бекітуге ұсынды.