Тасқала аудандық қоғамдық кеңесі бойынша
2022-2024 жылдары аралығында атқарылған жұмыстары туралы
ақпарат
2022 жылғы 17 ақпан күні Тасқала аудандық қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы қалыптастырылды. 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңес туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес дайындалған Тасқала аудандық Қоғамдық кеңесінің ережесі бекітілді.
Қоғамдық кеңес жанынан Қазақстан Республикасының Ақпарат және даму министрлігінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №03-21/3078 хаты негізінде Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын комиссия құрылды.
Жаңа құрам бекітілгеннен бастап 14 отырыс өткізілді. Бірінші отырыста қоғамдық кеңестің тұрақты комиссиялары мен төралқасы сайланды. Қоғамдық кеңес орталық мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы органдар жіберген азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды. Сонымен қатар аудан мекемелерінің және ауылдық округ әкім аппараттарының есептерін тыңдайды.
Отырыста жалпы 24 мәселе қаралды: соның ішінде 14 нормативтік-құқықтық актілеріне (қаулы және шешім жобалары) ұсыным берілді және 10 есеп тыңдалды.
Аудан мекемелері және ауылдық округтер бойынша «Мемлекеттік қызметтер туралы, оның сапасын арттыру бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы» есептері тыңдалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі нығайтып, үгіт-насихат жұмыстары күшейтіліп, осы бағыттағы жұмыстары одан әрі жалғастырылсын деген ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, Тасқала ауданының Қоғамдық кеңесінің 2019-2021 жылдары атқарған жұмыстары туралы және аудандық мәслихат хатшысының 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасын» іске асыру бойынша мониторинг жүргізіліп, нәтижесі бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығының есебі тыңдалды.
Сонымен қатар, ШЖҚ «Тасқала аудандық ауруханасы» МКК бойынша «Аудандағы медицина сапасын арттыру бойынша 2021-2022 жылдары атқарған жұмыстары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы атқарылған шаралар туралы» есебі тыңдалды.
2023 жылы қоғамдық кеңестің 13 отырысы өткізілді.
Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты 20 нормативтік құқықтық актілер қаралып, барлығына да оң ұсынымдар берілді .
Аудан бюджетінің атқарылуы туралы есептер тыңдалып, оң нәтиже берілді.
Сонымен қатар, жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін конкурс арқылы жалға беру үшін келісім берілді;
Тасқала ауданы, Айнабұлақ ауылында 60 орындық мектеп құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға келісім берілді;
Тасқала ауданы, Айнабұлақ ауылында 60 орындық мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге келісім берілді.
Ауылдық округтер мен аудандағы мекемелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстары және мемлекеттік көрсетілетін қызметтері мен оның сапасын арттыру туралы бойынша 7-есеп тыңдалды.
Аудан мекемелері және ауылдық округтер бойынша «Мемлекеттік қызметтер туралы, оның сапасын арттыру бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы» есептері тыңдалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі нығайтып, үгіт-насихат жұмыстары күшейтіліп, осы бағыттағы жұмыстары одан әрі жалғастырылсын деген ұсыныстар берілді.
Аудан әкімінің 2022 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Сонымен қатар:
Тасқала ауданы әкімдігінің «Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы» МКК –ның 2022 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі;
Тасқала ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізу бойынша Тасқала аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің есебі;
Аудандағы қоғамдық тәртіптің қамтамасыз етілуі және елді мекендерде аббаттандыру қағидаларының талаптарының сақталуы туралы аудандық полиция бөлімінің есебі;
Тасқала ауылын абаттандыру жұмыстарын мониторингілеу бойынша Тасқала ауылдық округі әкімінің есептері тыңдалды.
Қаралған есептер қаперге алынды, тиісті ұсыныстар берілді.
2023 жылы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер болған жоқ.
2024 жылы қоғамдық кеңестің 10 отырысы өткізілді.
Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты 17 нормативтік құқықтық актілер қаралып, барлығына да оң ұсынымдар берілді .
Аудан бюджетінің атқарылуы туралы есептер тыңдалып, оң нәтиже берілді.
Ауылдық округтер мен аудандағы мекемелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстары және мемлекеттік көрсетілетін қызметтері мен оның сапасын арттыру туралы бойынша 7-есеп тыңдалды.
Аудан мекемелері және ауылдық округтер бойынша «Мемлекеттік қызметтер туралы, оның сапасын арттыру бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы» есептері тыңдалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі нығайтып, үгіт-насихат жұмыстары күшейтіліп, осы бағыттағы жұмыстары одан әрі жалғастырылсын деген ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар:
Аудан әкімінің есебі ;
Аудандық мәслихат төрағасының қосымша баяндамасы.
Аудандық қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамасы.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 2023 жылғы атқарылған
жұмыстары туралы есебі.
Аудандық жастар орталығының «Аудан жастарының бос уақыттарын
тиімді ұйымдастыру туралы» есебі.
«Ұлттық жоба» бағдарламасының барлық бағыттарын іске асыру барысында атқарылған және атқарылатын жұмыстар туралы есебі;
Тасқала ауданы әкімінің аппараты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге бақылау жүргізу туралы есебі;
Тасқала ауданының әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімі бойынша 10 айлық есептері тыңдалды. Қаралған есептер қаперге алынды, тиісті ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, Тасқала ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Залиевтің Тасқала ауылы бойынша кейбір өзекті мәселелерді шешу туралы өтініші талқыланды.
Облыстық «Ақ отау» отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігімен бірлескен «Отбасының құлдырауы қоғамның құлдырауы» тақырыбындағы семинар-кеңесі оздырылды.
2022-2024 жылдары жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер болған жоқ.
Қоғамдық кеңес мүшелері аудан көлемінде мемлекеттік сатып алуларға қатысқан жоқ. Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы аудандық қоғамдық- саяси «Екпін» газетіне жарияланды. Сонымен қатар барлық отырыстар және төралқа отырыстары аудандық мәслихаттың сайтында және фейсбук пақшаларына жарияланып отырады.