Тасқала аудандық мәслихатының кезекті
ХLІ-сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Тасқала аудандық мәслихатының Регламентіне сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тасқала аудандық мәслихатының кезекті XLІ сессиясының күн тәртібі төмендегідей бекітілсін:
- Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының
«2025-2027 жылдарға арналған Тасқала ауданының бюджеті туралы»
2024 жылғы 20 желтоқсандағы №29-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Тасқала ауданының ауылдық округтерінің бюджеті туралы» 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «2026-2028 жылдарға арналған Тасқала ауданының бюджеті туралы»
- «2026 жылға арналған Тасқала ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы»;
- Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақы белгілеу туралы;
- Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №16-5 «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №36-1 «Тасқала аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенгалиева