Тасқала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 ақпандағы №21-4 «Тасқала аудандық терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

ТАСҚАЛА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ

 

ТАСКАЛИНСКИЙ РАЙОННЫЙ МАСЛИХАТ

ШЕШІМ

 

РЕШЕНИЕ

           2025 жылғы 26 қараша

                 

                  Тасқала ауылы                             

 

                  №39-4      

             

               село Таскала

 

 

 

 

Тасқала аудандық мәслихатының 2018 жылғы

12 ақпандағы №21-4 «Тасқала аудандық терроризмге

қарсы комиссиясының дербес құрамын құру туралы»

шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Тасқала ауданы әкімдігінің 2025 жылғы
6 қазандағы №212 қаулысына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Тасқала аудандық мәслихатының 2018 жылғы
12 ақпандағы №21-4 «Тасқала аудандық терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын құру туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасына сәйкес құрылған комиссия құрамына енгізілсін:

Бердешев Али Сагдатович – Тасқала ауданы әкімінің орынбасары, комиссия мүшесі;

Имамбеков Нурлан Болатханович –  «Тасқала» шекара бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, комиссия мүшесі;

көрсетілген комиссия құрамынан Р.Рахметуллин және А.Идрисов шығарылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                          Ж.Бисенгалиева

Дата публикации
28 ноября 2025