|
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАСҚАЛА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ
|
|
ТАСКАЛИНСКИЙ РАЙОННЫЙ МАСЛИХАТ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
|
|
ШЕШІМ
|
|
РЕШЕНИЕ
|
2025 жылғы 20 наурыздағы № 31
Тасқала аудандық мәслихатының кезекті ХХХІ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Тасқала аудандық мәслихатының Регламентіне сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тасқала аудандық мәслихатының кезекті ХХХІ-сессиясының күн тәртібі төмендегідей бекітілсін:
- Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының
«2025-2027 жылдарға арналған Тасқала ауданының бюджеті туралы» 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №29-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Тасқала аудандық мәслихатының 2008 жылғы 9 маусымдағы №8-5 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Тасқала аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы №30-5 «Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша аудандық ведомствоаралық комиссия құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Тасқала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 ақпандағы №21-4 «Тасқала аудандық терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын құру туралы»шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының есебі туралы;
- Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 қазандағы №12-1 «Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Аудандық полиция бөлімінің 2024 жылы және 2025 жылы 1 тоқсанда атқарылған жұмыстары туралы есебі;
- Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;
- Тасқала аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 тамыздағы 26 -4 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы;
- Тасқала аудандық мәслихатының «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы»2019 жылғы 29 қазандағы №40-6 шешімінің күшін жою туралы.
Аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева