Тасқала аудандық мәслихатының кезекті ХХІХ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

                                                                                                           

 

Тасқала аудандық мәслихатының кезекті ХХІХ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Тасқала аудандық мәслихатының Регламентіне сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Тасқала аудандық мәслихатының кезекті ХХІХ - сессиясының күн тәртібі төмендегідей бекітілсін:

  1. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы
    21 желтоқсандағы №15-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған Тасқала ауданының ауылдық округтерінің бюджеті туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №35-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. 2025-2027 жылдарға арналған Тасқала ауданының бюджеті туралы;
  4. Тасқала ауданының 2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму төлқұжатын бекіту туралы;
  5. 2025 жылға арналған Тасқала ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы;
  6. Тасқала ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы;
  7. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 тамыздағы №33-4 «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  8. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2023 жылы және 2024 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстарының есебі туралы;
  9. Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №16-5 «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  10. Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №36-1 «Тасқала аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  11. 2024 жылы аудандық мәслихаттың сессияларында қаралатын негізгі мәселелер.

 

 Аудандық мәслихат төрағасы                                                Ж.Бисенғалиева

Дата публикации
14 января 2025