Тасқала аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХVІІІ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Тасқала аудандық мәслихатының Регламентіне сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тасқала аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХVІІІ-сессиясының күн тәртібі төмендегідей бекітілсін:
- Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы
21 желтоқсандағы №15-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Тасқала ауданының ауылдық округтерінің бюджеті туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №16-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 қазандағы №12-1 «Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Тасқала ауданында 2025 жылы бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы;
- Тасқала аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы №30-5 «Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша аудандық ведомствоаралық комиссия құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Тасқала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 ақпандағы №21-4 «Тасқала аудандық терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 тамыздағы №33-4 «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Тасқала аудандық мәслихатының 2008 жылғы 9 маусымдағы №8-5 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева