«Тасқала ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы
18 тамыздағы №13-9 шешімімен бекітілген Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру Ережесіне және Тасқала ауданы әкімінің ұсынысына сәйкес Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық
мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Егеменді Қазақстанның тәуелсіздігі мен біртұтастығын сақтауға, бейбіт заман кезінде қамқорлық жасау және азаматтық парызын өтеу барысында айрықша көзге түскен, ауданның саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық және рухани дамуына зор үлес қосқан азамат
Михаил Фёдорович Снопковқа және Мерует Елеуовна Бергенге «Тасқала ауданының құрметті азаматы» атағы берілсін.
- Марапатталған азаматтардың «Тасқала ауданының құрметті азаматы» айырықша белгісі мен «Тасқала ауданының құрметті азаматы» куәлігін дайындау аудандық мәслихат аппаратына жүктелсін.
- Аталған белгі мен куәлік аудан әкімінің және мәслихат төрағасының қатысуымен салтанатты түрде табыс етіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева