Тасқала аудандық мәслихатының 2002 жылғы 30 қаңтардағы №10-2 «Тасқала аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесін құру және оның құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАСҚАЛА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ

 

ТАСКАЛИНСКИЙ
РАЙОННЫЙ МАСЛИХАТ
ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

ШЕШІМ

 

 

РЕШЕНИЕ

 

           2024 жылғы 26 тамыздағы                №26-8

 

              Тасқала ауылы                     село Таскала                                                                                                               

Тасқала аудандық мәслихатының 2002 жылғы 30 қаңтардағы №10-2 «Тасқала аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесін құру және оның құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №150 «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №1002 «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Тасқала аудандық мәслихатының 2002 жылғы 30 қаңтардағы №10-2 «Тасқала аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесін құру және оның құрамы туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Аудандық мәслихат аппаратының штаты 11 адамнан бекітілсін, соның ішінде:

мемлекеттік қызметкерлер:

аппарат басшысы                     1 (бір);

бас маман                                 4 (төрт);

басқа қызметкерлер:

іс қағаздарын жүргізуші         1 (бір);

хатшы                                       1 (бір);

автокөлік жүргізуші                1 (бір);

статист                                      1 (бір);

еден жуушы                             1 (бір).».

  1. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат төрағасы                Ж.Бисенгалиева

Дата публикации
23 сентября 2024