|
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАСҚАЛА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ |
ТАСКАЛИНСКИЙ |
|
|
ШЕШІМ |
|
РЕШЕНИЕ |
2024 жылғы 26 тамыздағы №26-8
Тасқала ауылы село Таскала
Тасқала аудандық мәслихатының 2002 жылғы 30 қаңтардағы №10-2 «Тасқала аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесін құру және оның құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №150 «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №1002 «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Аудандық мәслихат аппаратының штаты 11 адамнан бекітілсін, соның ішінде:
мемлекеттік қызметкерлер:
аппарат басшысы 1 (бір);
бас маман 4 (төрт);
басқа қызметкерлер:
іс қағаздарын жүргізуші 1 (бір);
хатшы 1 (бір);
автокөлік жүргізуші 1 (бір);
статист 1 (бір);
еден жуушы 1 (бір).».
Аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенгалиева