Тасқала аудандық мәслихатының кезекті ХХVІ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Тасқала аудандық мәслихатының Регламентіне сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тасқала аудандық мәслихатының кезекті ХХVІ-сессиясының күн тәртібі төмендегідей бекітілсін:
- Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы
21 желтоқсандағы №15-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Аудандық тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2023 жылы және 2024 жылдың
І жартыжылдығында атқарылған жұмыстарының есебі туралы;
- 2023 жылғы және 2024 жылдың І жартыжылдығы бойынша аудандағы барлық бағыттағы кәсіпкерліктің даму деңгейі бойынша және атқарылған қызметтері туралы аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі басшысының есебі туралы;
- Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы;
- Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №16-5 «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №36-1 «Тасқала аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Тасқала ауданының ауылдық округтерінің бюджеті туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №16-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Тасқала аудандық мәслихатының 2002 жылғы 30 қаңтардағы №10-2 «Тасқала аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесін құру және оның құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева