Тасқала аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХІIІ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Тасқала аудандық мәслихатының Регламентіне сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тасқала аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХІI-сессиясының күн тәртібі төмендегідей бекітілсін:
- Тасқала ауданы әкімінің есебі;
- Тасқала аудандық мәслихат төрағасының есебі;
- Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы
21 желтоқсандағы №15-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы;
- Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
Аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева