Тасқала ауылы село Таскала
Тасқала аудандық мәслихатының «Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 31 қазандағы №12-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
7 тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«8) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен адамдарға (отбасыларға) осы жағдай туындаған кезден бастап үш ай ішінде 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштің шекті мөлшерінде, табыстарын есепке алмай, бір рет;».
|
Мәслихат төрағасы |
|
Ж.Бисенғалиева |