Тасқала аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХІI сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Тасқала аудандық мәслихатының Регламентіне сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тасқала аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХІI-сессиясының күн тәртібі төмендегідей бекітілсін:
- Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының«2024-2026 жылдарға арналған Тасқала ауданының ауылдық округтерінің бюджеті туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №16-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Тасқала аудандық мәслихатының «Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 31 қазандағы №12-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева