2023 жылғы Тасқала аудандық және ауылдық округтері бюджетерінің атқарылуы туралы есептерін бекіту туралы  

 

 2023 жылғы Тасқала аудандық және ауылдық округтері бюджетерінің атқарылуы туралы есептерін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Тасқала ауданының 2023 жылғы бюджеттің атқарылуының жылдық есеп келесі көлемде игерілген:
  • Кіріс бөлігі 5 385 943,0 мың теңге;
  • Шығыс бөлігі 5 487 820,8 мың теңге.
  1. Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының «2023 жылға арналған Тасқала аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі» және Ақтау, Амангелді, Достық, Қазақстан, Қосшы, Мереке, Мерей, Шежін, Тасқала ауылдық округтері бюджетерінің атқарылуы туралы есептері бекітілсін.
  2. Аудан әкіміне:
  • бюджетті жоспарлау және нақтылау кезінде, оның сапалы орындалуы бойынша жұмыстар жалғастырсын;
  1. Аудандық экономика және қаржы бөліміне:
  • алдағы уақытта да Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының ұсыныстарын қатерге алып және кемшіліктерді болдырмау мақсатында шаралар алсын.
  1. Барлық ауылдық округтердің әкімдеріне:
  • алдағы уақытта да ауылдық бюджетті қалыптастыру барысында жоспарлау сапасына және салық түсімі және қарызы бойынша жобалардың орындалуына аса мән берілсін.

 

 

 Аудандық мәслихат төрағасы                                                   Ж.Бисенғалиева

Дата публикации
16 июля 2024