Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 шілдедегі №6-5 «Тасқала аудандық жер комиссиясының құрамдарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 шілдедегі
№6-5 «Тасқала аудандық жер комиссиясының құрамдарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігінің 2024 жылғы 26 қаңтардағы №26, 2024 жылғы 10 қаңтардағы №3 және 2024 жылғы 26 ақпандағы қаулысы негізінде Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 14 шілдедегі
    №6-5 «Тасқала аудандық жер комиссиясының құрамдарын бекіту туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасына сәйкес құрылған комиссия құрамына енгізілсін:

«Шукуров Самигулла Рахметуллович - Тасқала аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;» деген сөздер «Шукуров Самигулла Рахметуллович – Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының у.м.а., комиссия төрағасының орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Шукуров Самигулла Рахметуллович - Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының у.м.а., комиссия төрағасының орынбасары;» деген сөздер «Шукуров Самигулла Рахметуллович - Тасқала аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген шешімнің қосымшасына сәйкес құрылған комиссия құрамына енгізілсін:

Галиева Саягуль Маулетовна - Тасқала ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Батрашева Асем Мендыгалиевна – Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының у.м.а., комиссия төрағасының орынбасары;

Имангалиев Саин Кайнушевич – Тасқала аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының м.а., комиссия мүшесі;

Губашева Айнагуль Тлегеновна – Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімі басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;

Жәрдемова Назгүл Серікқызы – Тасқала аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі, аудандық «Екпін» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы (келісім бойынша);

көрсетілген комиссия құрамынан А.Х.Халауедин А.А.Аубекеров

С. Имангалиев, А.Батрашева, Т.Тоқмамбетов шығарылсын.

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                           Ж.Бисенғалиева

Дата публикации
27 марта 2024