Повестка дня очередной 17 сессии районного маслихата

Тасқала аудандық мәслихатының кезекті ХVІІ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Тасқала аудандық мәслихатының Регламентіне сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Тасқала аудандық мәслихатының кезекті ХVІІ-сессиясының күн тәртібі төмендегідей бекітілсін:

  1. Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №15-1 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының «Аудандағы эпидемиологиялық жағдайды жою, алдын алу шараларының орындалуы» туралы есебі;
  3. Тасқала ауданы әкімдігінің дербес құрамының өзгеруіне келісім беру туралы;
  4. Тасқала аудандық мәслихатының 2008 жылғы 9 маусымдағы №8-5 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  5. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 14 шілдедегі №6-5 «Тасқала аудандық жер комиссиясының құрамдарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  6. 6. Аудан әкімдігі жанынан қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық -кеңесшi орган құру туралы;
  7. 7. Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №16-4 «Тасқала аудандық (аумақтық) сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  8. Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №36-1 «Тасқала аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы                 Ж.Бисенғалиева

 

 

 

Дата публикации
27 марта 2024