«Тасқала ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы  

ТАСҚАЛА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ

 

ТАСКАЛИНСКИЙ РАЙОННЫЙ МАСЛИХАТ

ШЕШІМ

 

РЕШЕНИЕ

  2023  жылғы 10 қараша                                                       № 13-4

   

         Тасқала ауылы                                        село Таскала                                                                                                        

 

 «Тасқала ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы

 

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы
18 тамыздағы №13-9 шешімімен бекітілген Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру Ережесіне және Тасқала ауданы әкімінің ұсынысына сәйкес Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық
мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Егеменді Қазақстанның тәуелсіздігі мен біртұтастығын сақтауға, бейбіт заман кезінде қамқорлық жасау және азаматтық парызын өтеу барысында айрықша көзге түскен, ауданның саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық және рухани дамуына зор үлес қосқан азаматша Зёмышева Лидия Фёдоровнаға «Тасқала ауданының құрметті азаматы» атағы берілсін.
  2. Марапатталған азаматтың «Тасқала ауданының құрметті азаматы» айырықша белгісі мен «Тасқала ауданының құрметті азаматы» куәлігін дайындау аудандық мәслихат аппаратына жүктелсін.
  3. Аталған белгі мен куәлік аудан әкімінің және мәслихат төрағасының қатысуымен салтанатты түрде табыс етіледі.

 

 Аудандық мәслихат төрағасы                      Ж.Бисенғалиева

 

Дата публикации
30 ноября 2023