|
ШЕШІМ |
РЕШЕНИЕ |
2023 жылғы 28 тамыздағы № 8-2
Тасқала ауылы
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 тамыздағы №33-4 «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына және Тасқала ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 19 маусымдағы №97 қаулысына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің қосымшасына сәйкес құрылған комиссия құрамына енгізілсін:
Ақжан Саирман Таңатарұлы – Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Тасқала аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, Әділет аға лейтенанты, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Шакенова Әсел Ғалымжанқызы - Тасқала әйелдері қоғамдық бірлестігінің төрайымы, комиссия мүшесі (келісім бойынша).
Аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева