Тасқала аудандық мәслихатының 2008 жылғы 9 маусымдағы №8-5 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Тасқала ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 шілдедегі №109 қаулысына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Калиев Азамат Кадыржанович – Тасқала аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары», деген сөздер «Калиев Азамат Кадыржанович – Тасқала аудандық полиция бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын (келісім бойынша);
көрсетілген шешімнің қосымшасына сәйкес комиссия құрамына енгізілсін:
Елеусизов Ринат Асылбекович – Тасқала аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
көрсетілген комиссия құрамынан А.Ж.Айтасов шығарылсын.
Аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева