Тасқала аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы №30-5 «Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша аудандық ведомствоаралық комиссия құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы  

 

Тасқала аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы №30-5 «Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша аудандық ведомствоаралық комиссия құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Тасқала ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 шілдедегі №110 қаулысына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Тасқала аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы №30-5 «Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша аудандық ведомствоаралық комиссия құру туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

«Калиев Азамат Кадыржанович – Тасқала аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары», деген сөздер «Калиев Азамат Кадыржанович – Тасқала аудандық полиция бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын (келісім бойынша);

көрсетілген шешімнің қосымшасына сәйкес комиссия құрамына енгізілсін:

Бралов Руслан Нурланович – Тасқала аудандық ауруханасының директоры, комиссия мүшесі (келісім бойынша);

көрсетілген комиссия құрамынан М.Ж.Оразбаев шығарылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат төрағасы                        Ж.Бисенғалиева

Дата публикации
27 июля 2023