Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 тамыздағы №33-4 «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына және Тасқала ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 19 маусымдағы №97 қаулысына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің қосымшасына сәйкес құрылған комиссия құрамына енгізілсін:
Шуйншкалиев Игорь Сабитович - Тасқала аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Бралов Руслан Нұрланұлы – Тасқала аудандық ауруханасының директоры, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Нажмитдинов Құлтөре Сахийұлы – Тасқала аудандық мешітінің бас имамы, теолог, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
көрсетілген комиссия құрамынан А.К.Қалиев, М.Ж.Оразбаев, Е.Б.Құсайнов шығарылсын.
Аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева