Тасқала аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі №30-4 «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Тасқала аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі №30-4 «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі №30-4 «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген шешімнің қосымшасына сәйкес құрылған комиссия құрамына енгізілсін:

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының «Тасқала колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры;

«Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының Тасқала ауданы бойынша уәкілі;

Тасқала ауданы әкімдігі Тасқала аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат төрағасы                              Ж. Бисенғалиева

 

 

 

Дата публикации
27 июля 2023