Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 30 қаңтардағы №10-2 «Тасқала аудандық  мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесін  құру  және оның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ТАСҚАЛА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ

 

ТАСКАЛИНСКИЙ РАЙОННЫЙ МАСЛИХАТ

ШЕШІМ

 

РЕШЕНИЕ

 

 

     2023 жылы 4 мамырдағы                                                 № 4-6  

 

 Тасқала ауылы                                                село Таскала

 

 Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 30 қаңтардағы №10-2 «Тасқала аудандық  мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесін  құру  және оның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабы 3-тармағына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты               ШЕШТІ:

  1. Тасқала аудандық мәслихатының «Тасқала аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесін құру және оның құрамы туралы» 2002 жылғы 30 қаңтардағы №10-2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған шешіммен бекітілген «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі» осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

  1. Осы шешім қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.  

 

Аудандық мәслихат төрағасы                        Ж. Бисенғалиева

 

Тасқала аудандық мәслихатының
2023 жылғы 4 мамырдағы
№4-6 шешімімен
бекітілген

 

«Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, Тасқала аудандық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  3. «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық -құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрі мен мөртаңбалары бар, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тасқала ауданының Қазынашылық басқармасында шоты бар.
  5. «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Тасқала аудандық мәслихаты төрағасының өкімдерін шығарады.
  8. «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23, индекс 091000.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Аппарат Таскалинского районного маслихата».

  1. Осы Ереже «Тасқала аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

2-тарау. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

 

  1. «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы - мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету.
  2. Міндеттері:

1) аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының, ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық қызметін қамтамасыз ету;

2) аудандық мәслихат қабылдайтын шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету;

3) аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

4) аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету;

5) аудандық мәслихаттың және оның органдарының бақылау функцияларын іске асыруды қамтамасыз ету;

6) аудандық мәслихаттың ақпараттық жүйесін жетілдіру;

7) аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз ету.

  1. Функциялары:

1) аудандық мәслихат депутаттарына ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау қызметтерін көрсету;

2)  аудандық мәслихаттың қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілер жобаларының және басқа да шешімдер жобаларының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін бақылау, аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асыру;

3)  аудандық мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге арналған шығындарды анықтау, іссапар шығындарын өтеу, депутаттарды қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті жүзеге асыру үшін өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;

4)  аудандық мәслихаттың және оның органдарының қызметі туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында немесе сайтта жариялауды ұйымдастыру,  аудандық мәслихат қабылдайтын нормативтік -құқықтық актілерді жариялау;

5) келіп түскен ақпаратты, атқарушы органдар басшыларының есептерін жинау, талдау, аудандық мәслихат депутаттарының алдында өз қызметі туралы есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамаларды дайындау;

6) мәслихаттың ресми сайтын және әлеуметтік желілердегі ресми парақшасын аудандық мәслихаттың қызметі туралы қажетті ақпаратпен толықтыру және оның бөлімдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

7) аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жіберу.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобалары, нормативтік-құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаны туралы мәліметтер, ғылыми сараптамалар мен сараптама кеңестерінің қорытындылары, аудандық мәслихат шешімдерінің енгізілген жобалары бойынша қажетті келісулер және өткізілетін сессиялардың және тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарының күн тәртібі мәселелері бойынша өзге де құжаттамалар сұрату, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін аудандық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді пысықтауға қатысуға тарту, тиісті шешімдер әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

2) депутаттардың сауалдарын және депутаттық ұсыныстарды уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге сауалдар жіберу;

3) аудан мәслихатына жолданған заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің орындалу мерзімі мен нәтижесін бақылауды жүзеге асыру;

4)  аудандық мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдарға консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету

5)  аудандық мәслихат сессияларын және тұрақты комиссиялардың отырыстарын хаттамалауды қамтамасыз ету.

 

3-тарау. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты мәслихат төрағасы жүзеге асырады «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  2. Мәслихат төрағасын мәслихат сессиясында депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен сайлайды және қызметінен босатады.
  3. Аудандық мәслихат төрағасының өкілеттігі:

1) сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

2) мәслихат депутаттарына олардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерінде қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;

3) депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;

4) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) мәслихатқа сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты тұрақты түрде ұсынады;

6) мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-шараларын ұйымдастырады;

7) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;

9) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қатынастарда мәслихат атынан өкілдік етеді;

10)  мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

11) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

12) шарттар жасайды;

13) сенімхаттар береді;

14) мәслихат шешімі бойынша өзге де қызметтерді орындайды.

Мәслихат төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды мәслихат сессиясы төрағасының келісім шешімі бойынша мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты жүзеге асырады. 

  1. «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мәслихат төрағасы қызметке тағайындалатын және қызметтен босататын аппарат басшысы басқарады.
  2. Аппарат басшысының өкілеттігі:
  • мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді;
  • мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуын бақылау жөніндегі шараларды белгілейді;
  • мәслихат төрағасының аппаратқа тапсырылған функционалдық міндеттері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді және жалпы басшылық жасайды;
  • аппараттың және қызметкерлерінің жұмыстарын ұйымдастырады, жоспарлайды, бақылайды және үйлестіреді;
  • мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жұмыстарын үйлестіреді;
  • қызметтік құжаттамаларды қарайды және қол қояды;
  • орындаушылық және еңбек тәртібін сонымен қатар іс-қағаздарды бақылайды;
  • мәслихат хтшысына аппарат қызметкерлерін тағайындау және босату туралы ұсыныстар енгізеді;
  • мемлекеттік қызметкерледің жалпы еңбек өтілін бекіту көмиссиясы басшысының міндетін атқарады;
  • кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау, сыйақы беру, материалдық көмек көрсету, еңбек демалысын беру, іс-сапарларға жіберу мәселелелерімен келіседі;
  • аппараттың экономикалық-қаржы мәселелерін сондай-ақ әкімшілік – шаруашылық қызметін бақылайды;
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Аппарат басшысына аудандық мәслихат төрағасы болмаған кезде қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына жүктеледі. 

Аппарат басшысы болмаған жағдайда оның міндеттерін атқару аппараттың бас мамандарының біріне жүктеледі.

  1. Мәслихат төрағасы және аппарат басшысының орынбасарлары болуы мүмкін емес.
  2. «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты»мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексіне сәйкес белгіленген.

 

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада

көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін. «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта

ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

Дата публикации
29 мая 2023