2023 жылы аудандық мәслихаттың
сессияларында қаралатын негізгі
мәселелер туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және тұрақты комиссиялардың ұсыныстарының негізінде Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- 2023 жылы аудандық мәслихат сессияларында мына мәселелер қаралсын:
ІІ тоқсанда:
- 2022 жылғы аудандық және Тасқала ауылдық округінің бюджеттерінің атқарылуының жылдық есептерін бекіту туралы;
- аудандық жер қатынастары бөлімінің 2022 жылы жер бөлу, пайдаланылмаған жерлерді қайтару жұмыстары туралы есебі;
ІІІ тоқсанда:
- Жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікпен айналысуға тарту бойынша 2022 жылы және 2023 жылдың жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебі;
- Аудандық білім бөлімінің 2022-2023 оқу жылы атқарған қызметтері туралы есебі және 2023-2024 оқу жылына жоспары;
IV тоқсанда:
- Аудан әкімінің 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;
- 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы;
- Тасқала аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының есептері;
- Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2022 жылы және 2023 жылдың жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы есебі;
- 2024 жылға аудандық мәслихат сессиясында қаралуға енгізілген негізгі мәселелер туралы;
- Тасқала ауданының 9 ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері.
- Осы шешімнің орындалуы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
Аудандық мәслихат төрағасы Ж. Бисенғалиева