2023 жылы аудандық мәслихатта қаралатын негізгі мәсәлелер туралы

 

 2023 жылы аудандық мәслихаттың

сессияларында  қаралатын негізгі

мәселелер туралы

 

 

           Қазақстан   Республикасының   2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан   Республикасындағы   жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және тұрақты комиссиялардың ұсыныстарының негізінде Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2023 жылы аудандық мәслихат сессияларында мына мәселелер қаралсын:

ІІ  тоқсанда:

  • 2022 жылғы аудандық және Тасқала ауылдық округінің бюджеттерінің атқарылуының жылдық есептерін бекіту туралы;
  • аудандық жер қатынастары бөлімінің 2022 жылы жер бөлу, пайдаланылмаған жерлерді қайтару жұмыстары туралы есебі;

ІІІ тоқсанда:

  • Жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікпен айналысуға тарту бойынша 2022 жылы және 2023 жылдың жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебі;
  • Аудандық білім бөлімінің 2022-2023 оқу жылы атқарған қызметтері туралы есебі және 2023-2024 оқу жылына жоспары;

IV тоқсанда:

  • Аудан әкімінің 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;
  • 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы;
  • Тасқала аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының есептері;
  • Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2022 жылы және 2023 жылдың жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы есебі;
  • 2024 жылға аудандық мәслихат сессиясында қаралуға енгізілген негізгі мәселелер туралы;
  • Тасқала ауданының 9 ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері.
  1. Осы шешімнің орындалуы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                  Ж.Бисенғалиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Решение
Дата публикации
29 мая 2023