|
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы |
|
|
Нысан
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторингтің қорытындылары
«Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, электронды поштасы: taskalamaslihat@rambler.ru, телефондары: 22325, 21097
Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңына, аудандық мәслихат хатшысының өкімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Тасқала аудандық мәслихаты бақыланатын кезеңде 5 сессия өтіп 11 шешім қабылдаған. Қабылданған шешімдерде сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін нормалар анықталмады.
Тасқала аудандық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің атына сыбайлас жемқорлыққа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жарияланған жоқ.
Тасқала аудандық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің арасында сыбайлас жемқорлық жасау фактілері анықталған жоқ.
Тасқала аудандық мәслихатының аппаратына бақыланатын кезеңде жеке тұлғаладанан өтініш түскен жоқ.
Тасқала аудандық мәслихат аппаратының арыз-шағым жәшігіне ешқандай өтініш, ұсыныс, талаптар түспеген.
Тасқала аудандық мәслихатының аппаратына аудан прокурорынан наразылық түскен жоқ.
Тасқала аудандық мәслихатының аппаратына сот актілері түспеген.
Аудандық мәслихат хатшысы 2022 жылы 03.10 – 30.12 аралығында барлығы 35 өкім шығарған. Барлық өкімдерді талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталмады.
Тасқала аудандық мәслихатында Мемлекеттік сатып алу барысында мүдделер қақтығысы анықталмады.
Тоқсан сайын аппарат қызметкерлерімен бірге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағыттары бойынша дөңгелек-үстелдер, отырыстар өткізіледі.
III. Қорытынды бөлім
Аппарат қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайлары анықталмады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға арналған шаралар:
1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
2) қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық- құқықтық сабақтар өткізуді жалғастыру;
3) мемлекеттік сатып алу барысында заң бұзушылықтарға жол бермеу.
Аудандық мәслихат аппараты басшысы Т.Шатенова
Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Г.Гумарова
Аудандық мәслихат аппаратының бас маман-бухгалтері Г.Проценко
Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Л.Кужагалиева
Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Д.Махашева