№36-3/17.01.2023г

      

ТАСҚАЛА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ

 

ТАСКАЛИНСКИЙ РАЙОННЫЙ МАСЛИХАТ

ШЕШІМ

 

РЕШЕНИЕ

 

 

       2023   жылы 17 қаңтардағы                                                                                              № 36-4  

 

 

 

Тасқала ауылы                                                                                            село Таскала

 

 

 

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №34-1 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Тасқала аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №34-1 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 4 669 693 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 104 955 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 15 800 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 29 000 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 3 519 938 мың теңге;

2) шығындар – 4 669 693 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 79 312 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 155 250 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 75 938 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 79 312 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру– 79 312 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 155 250 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 75 938 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте жоғары тұрған бюджеттерден келесі түсімдер ескерілсін:

1) республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер – 739 518 мың теңге, соның ішінде:

БҚО Тасқала ауданы Мерей ауылында мәдени-сауықтыру орталығының құрылысы – 235 786 мың теңге;

Тасқала ауданы, Бірлік ауылында сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы – 348 482 мың теңге;

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер – 155 520 мың теңге;

2) облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер – 1 981 520 мың теңге, оның ішінде:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеу – 27 082 мың теңге;

балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет – 4 282 мың теңге;

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 24 384 мың теңге;

мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға – 1 035 мың теңге;

нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытуға – 316 518 мың теңге;

біліктілік жүйесін дамытуға – 104 мың теңге;

еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – 4 531мың теңге;

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасына - 576 мың теңге;

тұрғын үй сертификаттарын беру – 3 000 мың теңге;

БҚО Тасқала ауданы Аққайнар ауылында кешенді-блок модуль орнату – 20 000 мың теңге;

БҚО, Тасқала ауданы, Оян ауылына кіреберіс жолын күрделі жөндеу – 1 040 293 мың теңге;

БҚО, Тасқала ауданы, Ақтау ауылына кірме жолының күрделі жөндеу - 31 452 мың теңге;

БҚО, Тасқала ауданы, Бірлік ауылына кірме жолының күрделі жөндеу – 33 918 мың теңге;

БҚО, Тасқала ауданы, Достық ауылына кіреберіс жолды күрделі жөндеу – 29 617 мың теңге;

БҚО, Тасқала ауданы, Мерей ауылының көшелеріндегі көлік жолдарын күрделі жөндеу – 239 403 мың теңге;

БҚО Тасқала ауданы Ақтау ауылының көшелеріндегі көлік жолдарын күрделі жөндеу – 168 121 мың теңге;

БҚО Тасқала ауданы Мерей ауылындағы автономды жылу көзін орнату арқылы «Айгөлек» бөбек жайын газбен қамту – 37 204 мың теңге.»

3) субвенциялар – 954 150 мың теңге.

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәслихат төрағасы

 

Ж. Бисенғалиева

 

      

 

Председатель маслихата

 

Ж. Бисенгалиева

 

Шешім3
Дата публикации
17 января 2023