№35-1 от 29.12.2022г

     

ТАСҚАЛА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ

 

ТАСКАЛИНСКИЙ РАЙОННЫЙ МАСЛИХАТ

ШЕШІМ

 

РЕШЕНИЕ

 

         

       2022 жылы 29 желтоқсандағы                                                                                      № 35-1   

 

 

Тасқала ауылы                                                                                            село Таскала

 

 

2023-2025 жылдарға арналған

Тасқала ауданының ауылдық

округтерінің бюджеті туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған Тасқала ауданының ауылдық округтердің бюджеті тиісінше 1-27-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 413 223 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 34 009 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 760 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

трансферттердің түсімдері – 378 454 мың теңге;

2) шығындар – 413 223 мың теңге;

3) Таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;

4) Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо-0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі - 0 теңге;

қарыздарды өтеу - 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.

  1. 2023 жылға арналған ауылдық округтердің бюджетіне түсімдер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес және осы шешімнің 4-тармағына сәйкес қалыптастырылады.
  2. Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 8-бабы назарға және басшылыққа алынсын.
  3. 2023 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен келесі түсімдер ескерілсін:

1) Субвенциялар – 378 454 мың теңге, оның ішінде:

Ақтау ауылдық округіне – 34 295 мың теңге;

Амангелді ауылдық округіне – 39 493 мың теңге;

Достық ауылдық округіне – 34 749 мың теңге;

Қазақстан ауылдық округіне – 36 720 мың теңге;

Қосшы ауылдық округіне – 36 164 мың теңге;

Мерей ауылдық округіне – 36 354 мың теңге;

Мереке ауылдық округіне – 35 912 мың теңге;

Тасқала ауылдық округіне – 86 906 мың теңге;

Шежін ауылдық округіне – 37 861 мың теңге.

Көрсетілген сомаларды Тасқала ауданының ауылдық округтерінің бюджеттеріне бөлу Тасқала ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат хатшысы                                                  Ж.Бисенғалиева

 

            

Решение
Дата публикации
29 декабря 2022