ШЕШІМ
2022 жылғы 11 тамыз № 28-3
Тасқала ауылы
Тасқала аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы №30-5 «Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша аудандық ведомствоаралық комиссия құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Тасқала ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы №145 қаулысына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тасқала аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы №30-5 «Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша аудандық ведомствоаралық комиссия құру туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы Ж.Бисенғалиева